Қостанай облысында күдікті педофил ұсталды, – деп хабарлайды Alau.kz. Оқиға 18 мамырда Арқалық қаласында болған. Куәгерлер ер адамның 8 жастағы қызға қатысты зорлық әрекеттер жасағанын хабарлаған.
Бұл мәліметті кейін Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер растады. «8 жастағы мектеп оқушысына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деген дерекпен соталды тергеу жүргізіліп жатыр. «Он төрт жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері», – делінген ресми сауалға берілген жауапта.
Сонымен қатар, сот сараптамалары тағайындалыпты. 40 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұған дейін сотты болғаны анықталды.
Дереккөз: tengrinews.kz