Ерке Есмахан баласына әкесімен араласуға рұқсат етпейтінін айтты

0
540

Ерке Есмахан өзінің ұлы Мүсілімнің әкесімен мүлдем араласпайтынын айтты. Оның айтуынша, бұған тосқауыл болған – өзі.

Бұл туралы ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты, – деп хабарлайды nur.kz.

Ерке Есмахан баласына әкесімен араласуға рұқсат етпейтінін айттыЕрке Есмахан өзінің бұрынғы жары Асхат Садырбайға қатысты әңгіме қозғағысы келмейді. Тіпті ол Асхаттың анасының өзіне қатысты айтқан жағымды пікірлерін де оқуға құлшыныс танытпағанын айтты. Ол ұлы Мүсілімнің әкесімен араласқанын да қаламайды екен.

«Жоқ әкесімен араласпайды. Бұған мен рұқсат бермеймін, мүлдем. Әкесі алимент төлемейді. Мен сұраған да емеспін», – деп қысқа қайырды ол бағдарлама жүргізушінің сұрағына.

Еске салсақ, Ерке Есмахан танымал журналист Асхат Садырбайдың бірінші жары болған. Оған Мүсілім есімді ұл сыйлаған әнші онымен көп ұзамай ажырасып кеткен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз