Жаманқұловтан әйелі де теріс айналған ба?

0
628

Қаржы жымқырды деп айыпталған Жаманқұловтан әріптестері түгел теріс айналған. Бұл туралы белгілі сазгер, Жаманқұловтың жақын досы Қадырғали Көбентай abai.kz порталына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, Жаманқұлов психологиялық тұрғыдан әбден басылып қалған.

– …Әріптестерінің бірде-біреуі Тұқаңды қолдамады ғой. Бір шәкірті сотқа келіп, үндемесе де отырып, төбе көрсетіп кеткен жоқ. Бұл өнер адамына үлкен соққы. Ауыр соққы. Адам бұдан құса болып кетеді. Өліп қалады. Кешегі желілерге Тұқаңмен бірге түскен суреттерін салып, мақтанып жүретін әншісымақтардың бірде-бірі жоқ қазір. Кешегі сотқа Дулыға, Асылбектерді жалынып шақыртып алдық. Әуезов театры мүлде маңайына жоламайды қазір. Міне, солай жағдай, – деді Көбентай.

«Әуезов театры мүлде маңайына жоламайды қазір» деген сазгер нені меңзеді екен?

Атап өтейік, Тұңғышбай Жаманқұловтың жары Дәрия Жүсіп те сол Әуезов театрының актері. Сонда қалай болғаны? Ол да Қадырғали мырза айтқандай «теріс айналған» ба?

Бұған дейін, Дәрия Жүсіп отандық БАҚқа бір-екі рет сұхбат беріп, мән-жайды ашып айтудан бас тартқан болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз