17 жыл бір перзентке зар болып келген ана бірден 6 бала тапты

0
347

АҚШ-та 17 жыл бойы бір перзентке зар болған ана бірден 6 баланы дүниеге әкелді, деп хабарлады Риа Новости агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Виргиния штатындағы Ричмонд қаласында тұратын нигериялық Аджибола мен Адебойя Тайво 11 мамыр күні 3 ұл мен 3 қызды болды. 6 баланы 40 дәрігерден құрылған медицина мамандарының бригадасы кесарева тілігі арқылы алды.

Дәрігерлердің айтуынша, 30-ша аптада дүниеге келген нәрестелердің барлығының жағдайы жақсы және олар ама-есен өсіп келеді. Дегенмен олар әлі де болса интенсивті терапияда дәрігерлердің бақылауында жатыр және ауруханадан қашан шығарылатыны белгісіз.

«Ал балалардың анасы өткен аптада шығарылған, ол перзенттерін құшағына басатын күнді асыға күтуде»,-дейді аталмыш мекеменің өкілі Шира Поллард.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз