Украинаның халық депутаты Сергей Шахов Жоғарғы Раданың отырысы кезінде бейтаныс қызбен смартфон арқылы хат жазысып ұсталып қалды, – деп хабарлайды stan.kz.
Бұл туралы украиналық журналист Александр Дубинский өзінің сайтында жария еткен.
“Халық депутаты, “Наш край” партиясының мүшесі Сергей Шахов парламент залында бір қызбен хат жазысты. Сергей Шахов әлгі қызға порно-картинка және порно-видео жіберген”, – дейді журналист.
Кейін сұхбат берген Шахов әңгіме Винницаның 16 жастағы тұрғыны туралы екенін айтыпты.
Ал депутатқа хатты қыз емес, оның шынайы емес әкесі жіберген.
Ол өзінің мобилді телефоны болмағандықтан, өгей қызының смартфонын пайдаланыпты.