Димаш Құдайбергенов: Альбомымды қай тілде шығаратынымды білмей жүрмін

0
580

Димаш Құдайбергенов соңғы жаңалықтарын бөлісті. Әнші тыңдармандарын жаңа альбомымен қуантпақ.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz.

Қытайдың ауқымды таланттар агенттігі Димаш Құдайбергеновке лейблдарының таныстырушысы болуды ұсынды. Бүгінде Шығыс елдері тарапынан отандасымызға түрлі ұсыныс түсіп жатыр. Қытайдағы танымал парақшалардың біріне Димаштың арқасында жаңа 3 млн адам тіркелген екен. Мұнымен қатар, әншінің Қазақстандағы фан парақшаларының саны күн санап артып келеді.

«Тыңдармандарыма жаңа альбом ұсынбақпын. Әзірге дайындық үстінде жүрмін. Бірақ, жұмысқа әлі кіріспедім. Себебі, альбомның қай тілде болатынын шеше алмай жүрмін. Ішінде қазақ тілінің болатыны сөзсіз», – дейді Димаш Құдайбергенов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз