Президент баспасөз хатшысының қызы әкесін «елдің басты миллиардері әрі ұрлықшысы» деп атады

0
170

Дмитрий Песковтің қызы Елизавета Instagram парақшасында отбасына тиесілі байлық туралы әзіл аралас жазба қалдырды. Ол өз әкесі «елдің басты миллиардері әрі ұрлықшысы» екенін айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Путиннің баспасөз хатшысының қызы әкесін "елдің басты миллиардері әрі ұрлықшысы" деп атадыБасына тәж киіп, тақта отырған суретін жария еткен Елизавета келесі сөздерді жазған.

«Арым тыныштық бермей жатыр. Ешбір яхтада, сарайда, джетте көз іле алмадым. Ешбір үй қызметшісі менің көңілімді аулай алмады. Шындықты айтар уақыт келді. Мен – Пескова Елизавета Дмитриевна, елдің басты миллиардері әрі ұрлықшысы атанып отырған президенттің баспасөз хатшысының қызымын.

Бұл өзім жазып отырған алғашқы жазба. Қалғандарын тапсырыспен малайларым жазады. Оларға жалақысын сендердің қалталарыңнан төлеймін», – дейді Песковтің қызы.

Бойжеткен кілең қымбат тағамдарды «елдің қалтасынан ұрланған қаражатпен» жеп жатқанын да сөз еткен. Елизавета өзінің де ұрлықшы екенін мәлімдеді.

«Әкем елдің басты ұрлықшысы болғандықтан, жолым болды. Ол мені ұрлық жасау өнеріне жақсылап баулуда», – дейді бойжеткен.

«Адамдар жұмыс істейді деп естігенмін, бірақ малайлардың тірлігі мен үшін мүлде таңсық. Ешқашан оқыған емеспін, себебі табиғатымнан ақымақпын. Бұл айтарлықтай қиындық тудырмайды. Себебі, дипломды маған сатып алып береді. Болмаса, халық ақшасына малай сатып алып-ақ күн көремін. Болашағым жарқын», – деп түйді Елизавета.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз