Қарағанды облысында 15 жастағы қыз баланы бес жігіт жабылып зорлап тастады

0
530

Теміртауда 15 жастағы қызды бес жігіт жалдамалы пәтерде жабылып зорлап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағанды облысында 15 жастағы қыз баланы бес жігіт жабылып зорлап тастадыЖігіттер жантүршігерлік ойын іске асырғаннан кейін қызға тіс жармауын бұйырып, әбден қорқытқан. Алайда қыздың ата-анасы оның мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап қояды. Олар полицияға хабар береді. Бірақ тергеу тоғыз айға созылып кеткен.

«15 жастағы қызды жаппай зорлау фактісі бойынша тергеушілерде тек қыздың сөздері ғана болған. Тергеуші куәгерлерді таба алмады. Ал күдіктілер бәрі қыздың келісімімен болғанын алға тартты«, – дейді прокурордың орынбасары Еркін Жалмағамбетов.

Тоғыз ай бойы зорлық құрбаны полицей учаскесінің табалдырығын тоздырса, күдіктілер емін-еркін бостандықта тайраңдап жүрген. Қылсмыстық іс тек процессуалдық прокурор тағайындалғаннан кейін орнынан қозғалды. Нәтижесінде қылмыс болған пәтерге көршілес тұратын адамадар сұраққа алынып, бірқатар дәлелдер жиналған.

Бес жігіт дәлелдер көрсетілгеннен кейін өз кінәсін мойындап отыр.

«Олар сот үкімін күтіп отыр. Процессуалдық прокурор дәлелдер таппағанда, олар бостандықта жүретін еді. Өкінішке қарай мұндай мысалдар өзге істерде де баршылық», – дейді Жалмағамбетов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз