Таиландта 26 жастағы медбике Паричат Чатсри елдің солтүстік-шығысындағы жеке ауруханада жұмыс істеген.
Ол қысқа белдемше киген суреттерін әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін, наразылық күшейіп кеткен.
Желі қолданушылары қыздың киім киісі өзінің кәсібіне қарама-қайшы деп айтқан.
Желідегілердің қысымынан кейін Паричат қызметінен кетуге мәжбүр болған. Сондай-ақ, ол өзінің қылығы үшін кешірім сұраған.