«ТАУЫҚҚОРАНЫ» – КІМ, ҚАШАН ТАЗАЛАЙДЫ?!..

0
504

Фонограммамен ән салғанды жақсы көретіндер тобынан Г. Оразымбетова деген әншісымақ (журналист емес) басқаратын «Қазақстан» ұлттық телеарнасының (бүйткенше «ұлттық» деген тіркесті алып тыстамай ма?) «Таңшолпан» таңғы телебағдарламасының студиясына қаптаған жүргізушілерді қонақтаған тауықтай тізіп қоюды қоятын емес. Қонақтағанда – бұрын төртеу еді және студияға топырлатып адамдар тізіп қоятыны тағы бар ғой…

Соңғы кезде әлгі «қонақтағандар» саны – үшеу болды ма, жоқ, уақытша ма, түсініксіз. Ана бір көстең-көстең, алақ-жұлақ еткен көзәйнекті жүргізуші жігітті ел Қоянбаевтың «кадры» дейді. Ол содан да болар, өзін тым еркін сезінеді және аузына не келсе соны айтып, жұртты күлдірген болады. Қазір Е. Карин Қоянбаевты үлкен қызметке мәдениет министрінің курстасы болған соң қойған деген сыбыс жұрт ішін кезіп жүр…

Бұл аз десеңіз, ана бір қазақтың тілін де, өзін де жек көретін «шалақазақтар» тобына жататындар – аты әйгілі Б. Есентаеваның жан дегендегі жан құрбысын жанына алған телеарна басшысының телеарнаны таяу арада қайтадан «шүлдір» қақтырмасына кім кепіл?..

Қоянбаевтың қорғаны – көк тіреген министр болса, ал, мына қазақ тілін менсінбейтін бикештің ендігі мықты «қорғаны» кім екен?..

Сонымен қолдан жасап алған «ТАУЫҚ ҚОРАНЫ» – кім, қашан тазалайды?..

Жұмаш Көкбөрі,

Фейсбук парақшасынан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз