Көшеден бес миллион теңге тауып алған астаналық сарбаздар ақшаны иесіне қайтарып берді (фото)

1
287

Ұлттық ұлан сарбаздары Ролан Тышқанбай мен Асылжан Айтбай кәсіпкердің 5 миллион теңгесін қайтарып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Көшеден бес миллион теңге тауып алған астаналық сарбаздар ақшаны иесіне қайтарып берді (фото)15 маусым күні кешкі сағат 22.30 шамасында 5573 әскери бөлімінің жасағы Астана қаласы Қабанбай даңғыл көшесінің бойынан («Триумф» тұрғын үй кешені тұсынан) әмиян тауып алады. Әмиянның ішінде 20-25 дана евро купюрасы (төл валютаға шаққанда 5 миллион теңгеге жуық) бар екен.

Әскери жасақ құрамы Ролан Тышқанбай мен Асылжан Айтбай осы жайт туралы дереу әскери жасақ кезекшісі лейтенант Нұрсұлтан Әміровке, ІІД қызметкерлеріне баяндайды. Құқық қорғаушылар әмиян иесін іздестіруге шұғыл кірісіп кетеді.

«Снежный барс» жеке кәсіпкерлігінің директоры Хамит Хайруллин мырза осы уақытта қомақты ақшасы жоғалғаны жөнінде құқық қорғау пунктіне өтініш жазған. Көп ұзамай әскери жасақпен кездесіп, әмиянын қайтарып алған кәсіпкер ұландық жауынгерлерге жедел көмегі, адалдығы мен тәрбиесі үшін алғыс білдірді.

Көшеден бес миллион теңге тауып алған астаналық сарбаздар ақшаны иесіне қайтарып берді (фото)Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, құрама командирі полковник Сәкентай Шекарбековтың бұйрығымен Ролан Тышқанбай мен Асылжан Айтбай үлгілі қызметі үшін «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, сарбаздардың взвод және рота командирлері де жеке құраммен тәрбие жұмысын дұрыс жүргізгені үшін Ұлттық ұлан символикасы бейнеленген сағаттармен марапатталды.

Ал бүгін Ұлттық ұланның астаналық жедел мақсаттағы бригадасының базасында қызмет барысында адалдығымен көзге түскен жауынгерлерді құрметтеу кеші өтеді.

1 Пікір

  1. алла разы болсын сиздерге! жарайсыздар. алладан каитсын жаксылыктарыныз! казак жигиттерине болашак балаларга улги болатын жайт екен!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз