Қарақат Әбілдина қызы Аяланы бесікке салып, құрбыларының әкелген сыйлықтарын көрсетті. Ол «бесікке салу» рәсімін орындап, қуанышын елмен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы Қарақаттың өзі Instagram парақшасында хабарлады.
«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді..» Қызымызды бабалардың антына, аналардың салтына сай бесікке бөлеу дәстүрін жасадық.
Ақ тілегін арнап аңқылдап жеткен Айекем, ақ бесігін арқалап арнайы келген Гулекем және менің ардақты анашым… Ризамын», – деп жазды ол.
Кішкентайдың бесігіне аппақ үкі тағып, оны қызыл оюмен көмкерілген арнайы жапқышпен жауып қойған.

Айта кету керек, бұл дәстүрді әншінің құрбысы журналист Гүлбаршын Зайырова орындаған.