Қытай телегейіне миллион қазақ батып, ғайып болу қаупы тұр.. Дәл осынлай сын сағатта, қыл үстінде тұрған бір қалықтың тізгінін Талғат Мамашевке беріп қою тарих алдында жауап беретін Үлкен қателік.
Қытайдың қорқақ, үркек қазағын одан армен қытай билігі құлдандырып бара жатыр.. Тіпті тұяғын тырып еткізбей жіпсіз байлап, үнін өшірердей ежелгі сіңістіру механизмын ашық қолдана бастады.
Адамдық құқың ашық қорланып, қысым күн сайын құтырынып барады.. Өте мол кінасіз адамдарды түрлі қыс ммен қамауға алып азаматтық құқына қол сұққан. Олардың бар жазығы қазақ еліне келгендігі, баласын оқытқаны, осында келіп кеткені. Дінді айтпай ақ қой, ұлттық дәстүр дегені үшін шұғыл қамауға алынып жатқандар тіптен көп. Жұма қабыл болсын дегені үшін сотталған жастарда белең алып, молдалар шетінен қамауға алынып жатыр. Қазаққа жүрілген реперэция басылар түрі жоқ. «Екібеткей», «Қос жүрек» деген сияқты түрлі айыптар тағылып, психологиялық тарбиелеу мырза қамақтары арқылы оқыту жұмыстары жүріп жатыр.. Айта берсе сөз көп, бір шағын мақаламен барін айту мүмкінде емес. Жаралы қандастардың мұңын айта беріп қайтеміз, жауырды жаба тоқысақта азда болса емін айтайық.
Тоқ етері шеттегі қандастарымызға осындай басына бұлт үйіріліп тұрған миноттарда жауабы мен сауабы мол жұмысты дарыны мен жалыны жоқ біліксіз біреуге беріп қою қазаққа қиянат…
Н.Ә.Назарбайға қытай қазағының қатты қысым көріп жатқанын жеткізу керек мүмкіндікті қайтсекте тауып. Сол бейуаз қазақтарға жаппай жүріліп жатқан қысымды тоқтатуға ықпал етуын сұрауымыз керек. Тұрар Рысқұлов Сталинге кіріп, мың аламды аштықтан қалай алып қалды Алланың қалауымен, сол сияқты халыққа құдай үшін көмегімізді тигізетін мүмкіндікті осы кезде табуымыз тиіс.
Ұлы көштің тізгінін «Оралманды ұрғаным бар» деп отырған кертартпа біреуге ұстату дұрыс емес. Алысты жақындататын, жақынды жарылқайтын дарынды ұлттық қаны бар азаматтар керек. Әлихан Бәйменов, Дос Көшім, Тұрсын Жұртбай сияқты ұлтшыл саяси тұлғалар осы орынға ылайық. Ықылас Ожай досым айтпақшы» сирға табынудың дұрыс емес екенін түсіндіру үшін тағы төрт мың жыл керек пе?!» дегеніндей. Аталмыш алдағы қазақ құрылтайында дарынды қазақ деген тұлғаларға тізгінді беру керек!