Қазақстандық полиция қызметкерлері шатырдың үстінде жыныстық қатынасқа түскен жұпты қстап алған. Instagram желісіндегі eap_kz парақшасында бұл жайттың видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жазбадан тәртіп сақшыларын көрген жігіт жанталаса киініп, сүйіктісін де жаба бастағаны көрінеді.
Ролик аз уақыттың ішінде 100 мың рет қаралған. Желі қолданушылары тәртіп сақшыларының әрекетін сынап, жұптың ешқандай жаман іске бармағанын айтуда. Ал кей оқырмандар, керісінше, оларды құптап, тәртіп бұзғандарды жазалауды сұраған.
Оқиғаның қай жерде болғаны белгісіз. Желі қолданушылары бұл Алматы қаласындағы Орбита ықшам ауданында түсірілген деп болжады.
Дереккөз: Nur.kz