1000 лайк үшін баланы 15-ші қабаттан лақтырмақ болған адам жұртты шошытты

0
474

1000 лайк басылмаса, баланы 15-ші қабаттан лақтырып жіберемін деген ер адам жұртты шошытты. Оқиға Алжирде болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Баланы терезеден салбыратып қойып, оның суретін Фейсбукте жариялаған ер адам көпшіліктің наразылығын тудырған.

«1000 лайк немесе мен оны лақтырып жіберемін», – деп жазған ол парақшасында.

Суретте көрінгендей, ер адам баланы жейдесінен ғана ұстап, 15-ші қабаттың терезесінен салбыратып ұстап тұрған. Ол осылай әзілдегісі келген сияқты. Бірақ желі қолданушылары оның бұл әрекетіне наразылық білдіріп, артынша полиция қызметкерлері де назар аударады.

Дереккөзінің хабарлауынша, ер адам баланың өміріне қауіп төндіргеніне байланысты екі жылға сотталған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз