Депутат Хаменова: Мен Елбасын жақсы көрем

5
177

Астана қаласы мен халықаралық әуежайға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысын жасағандардың бірі Бақытгүл Хаменова бүгінгі үкімет қаулысына қатысты пікір білдірді.

1715888

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру шешіміне қатысты өз пікірімен бөлісті.

“Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн десе болады. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қабылданған декларацияда, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде де елбасының есімін Астана қаласына, сондай-ақ басқа да нысандарға, соның ішінде халықаралық әуежайға беру туралы ұсыныс көтерген болатынбыз”, — деді Хаменова БАҚ өкілдеріне.

Депутат Қазақстан мен елбасыны егіз ұғым деп білетінін айтты.

“Бұл жалғыз менің ғана пікірім емес, елдің ұсынысы. Елді аралағанда бұл ұсыныстар бірнеше мәрте көтерілген болатын. Әрине, бұл мен үшін де күтпеген қадам. Келешек ұрпақтың кемелденуі үшін жасалған батыл қадам деп айтуға болады”, — деді ол. Бақытгүл Хаменова “Бүгінгі жаңалықты естіген кезде қандай сезімде болдыңыз?” деген сұраққа:

“Сіз елдің перзентісіз ғой, мен де елдің перзентімін. Мен де Елбасын жақсы көремін. Елімнің ертеңі үшін елбасыға, ұлт символына жасалған құрметке қуандым, әрине”, — деп жауап берді.

Депутат бұл әлемдік тәжірибе екенін, дүниежүзінде жүзге жуық ұлт көшбасшысының есімі әуежайға берілгенін атап өтті. Ал Астанаға президенттің есімін беру туралы: “Жалғыз мен ғана емес, барлық депутаттық корпус осыған дейін ұсыныс айтты. Оның әрі қарай қабылдануы уақыт еншісінде”, — деді.

Айта кетейік, бүгін Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы Үкіметтің қаулысы жарияланды.

Осыған дейін депутаттар Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған декларацияда Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана қаласына, сондай-ақ басқа да нысандарға беру туралы ұсыныс айтқан болатын. Мемлекет басшысы өз кезегінде бұл ұсынысты қабылдамай, брендке айналған Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ екенін айтты.

5 ПІКІРЛЕР

  1. Жарайды. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. Ол кезде жалпы адам ретінде айтқаны болар. Ал әуежайға Елбасының атын беруі өзге елдерге бар тәжірибе ғой.

  2. Елбасыға қандай құрметке де ие. Сондықтан да аса бір даурығудың қажеті жоқ секілді.

  3. тамаша, оның не даурығатыны бар? Кім Елбасыны жаксы кормейді? Дұрыс.! Еліміздің бірінші адамын жаксы көру – міндет! Осы журналистер бір сөзді желөкпелеп баска жакка айналдыпып бұрып, даурығудан баска шаруалары жоқ, жаналық ашкандай. Негізінде ешкандай жаналық жоқ екен, жаналық кез келген журналист жаналығы деп білетін материалды қашан оқып даурыға, сонда жаналық болады екен

  4. Айналайындар ойланындар кишкене. Озге елде ауежайга елбасыларынын есимин берсе омирден отип кеткен елбасыларынын есимин берди. Сонда биздин же Елбасымыздын омирден отип кеткениме. Тири адамнын есимимен атамайды го жалпы. Тири адамга ескерткиште тургызбайды. Тири турганымда торгайларга тобеме тышкызбаймын деп карсы болыпты бир атамыз ескерткишин салмакшы болган адамдарга.

  5. Елбасыны бүгінде мақтап жүргендер-презденттің жаулары. Президенттің қасына шындықты айтып, ел үшін шырылдайтын Ж. Тәшеновтей ерлер керек. Сол шынайы ерлер ғана елбасыны болашақтың қарғысынан сақтап қалады. Әйтпесе, құр мақтау адамның санасын улап, көрсоқыр қылады

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз