«Тұлпар Тальго» пойыздарының бірінде бойжеткеннің стриптиз билеген сәтінен видео желіге тарады. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрда жас қыздың үстел үстіне шығып алып, шешініп жатқаны байқалады. Ал оны тамашалап отырған ер азаматтар дән риза.
Вагон-мейрамханаларына қызмет көрсететін «Трэйн Гурман» компаниясы видеоға қатысты түсініктеме берді. Компанияның баспасөз хатшысы Оксана Плотникова стриптизді тамашалағандардың бірі – вагон-мейрамхананың директоры екінін алға тартты. Ал билеп отырған бойжеткен пойыз жолаушысы екен.
«Бұл видеодағы қызметкерлер бүгінде компанияда жұмыс істемейді. Олар наурызда жұмыстан шығарылған болатын. Ал видео ақпан айында түсірілген болуы керек», – дейді Плотникова.
«Трэйн Гурман» өкілдері бұл жайт үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
«Бұл масқара жағдай. Біз кешірім сұрап, қатты өкінеміз», – дейді баспасөз хатшысы.
Олар мұндай жағдай ендігі қайталанбайытынын алға тартты.
https://youtu.be/qD67bYve6Lw