Меруерт Түсіпбаева: Күйеуіме ақша ұсынып, мені бір түнге сұрағандар да болды

4
333

Әнші өзінің бұрынғы жары, онымен қарым-қатынасы туралы сыр шертті. Оның айтуынша, ұлы Нұрғисаның әкесі, яғни бұрынғы күйеуімен ол әлі араласып тұрады. Тіпті оның қазіргі отбасына көмек қолын ұсынып, өзара дос болып кеткенін де жасырмады.

Сонымен бірге, қазіргі ер адамдардың ұсақталып кеткеніне назар аударған әнші ойлары лас еркектер де өмір жолында жиі кездесіп жататынын тілге тиек етті.

Мәселен, оның күйеуіне ақша ұсынып, әйеліңді бір түнге бер деп қолқа салғандар да бар екен.

«Жолдасыммен енді ғана бас қосқан жылдары екеуміз бір тойға бардық. Сонда менің күйеуімді сыртқа шақырып алып: «Мен саған пәлен мың доллар төлеймін. Әйеліңді бір түнге бер», – деген де ұятсыздар болған», – дейді әнші.

Еркектер тарапынан сұқтанғандар көп болғанын сөз еткен әнші: «Шалбар кигеннің бәрін еркек деп айта алмаймын! Кейбір азаматтар дөрекілік те көрсетіп жатады. Ашық айтқаным үшін кешіріңіз, «сатулы адамдар» деп ойлап, арам ойын іске асырғысы келетіндері қаншама?!», – деді Меруерт.

Мақаланың авторлық тақырыбы: Ол кісі мені осы қалпымда сүйді.

(…толық нұсқасы
«Жұлдыздар отбасы» журналының 

№15 (56) тамыз, 2009 жылғы санында)

Сұхбаттасқан Әлия ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

4 ПІКІРЛЕР

  1. Олай болса да, оны неменеге жария етеді.Мақтанатын дүние ме.Ұят тіпті.Үп үлкен əйел, журналистерге айтатын басқа дерек құрыды ма.

  2. Тууу осы катын сол ангимесин баягыда да айтып еди. Озин кереметке санайма, керемет болса байымен неге тура алмады екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз