«Ол — таза алаяқ». Кәсіби маман емші бала Ербосынның өтірігін шығарды (фото, видео)

1
365

Қамшымен емдейтін Аралдағы Ербосынның ғаламтордағы толып жүрген видеоларын көріп шыққан маман оны «кәсіби алаяқ» деп атады.

Бұл туралы Nur.kz порталы жүгінген кәсіби проффайлинг (адамның сөзімен, іс-қимылына қарап мінездеме беретін маман) Жанна Нұрсейітова мәлім етті.

Бұның бәріне әке-шешесі кінәлі

«Мен бұл баланының видеосын 3-4 жыл бұрын көргенмін. Ол кезде өзінің емші екеніне ол күмәнмен қарайтын және өзі бұл ісіне, қылмысына ұялатын еді. Қазіргі кезде ол емші емес екенін жақсы түсінеді және өз ісіне ұялмайтын халге жетіпті. Бұл — қорқынышты.

Оның көз ұшқыны, сөйлеген сөзіне, мимикасына қарап отырып-ақ, ақша мен атақ, билікке құштар екенін түсіну қиын емес. Ол — шешен, сөз шебері. Бұрын кішкене ежіктеп сөйлесе, қазір сөздің майын тамызатын шешен болып алыпты. Мұндай халге қалай жетті дейсіз бе? Күн сайын ол 200 адамды қабылдап, әрқайсысымен сөйлеседі. Содан келген тәжірибе ғой.

Шын мәнісіне келсек, Ербосынның бойында ешқандай да қасиет жоқ. Ол – нағыз тәжірибелі алаяқ.

Бұл қылмысқа оны шешесі немесе үлкен туыстары әкелген.

Яғни, сен — қасиеттісің, ауруды емдейсің деп баланың миына сіңдіріп қойған» ,- деді бедел және абырой ісі жөніндегі сарапшы.

Мықты болса неге орталыққа келіп емхана ашпайды?

Жанна Нұрсеитова Ербосын Серікбаевтың – ақылды әрі әккі екенін алға тартады.

«Бұл бала шынымен емші, қасиетті болса неге Алматы мен Астананың ортасынан келіп бөлімше ашып емдемейді? Ербосын мен оның туыстары бұл істі өлсе жасамайды. Себебі, қалада тұратын азаматтар мұндай алаяқтарға сенбейді, сосын бармайды. Ал, оларға ақша әкелетіндер керек. Сол үшін олар Аралдағы алыс ауылда тұрып жатыр. Яғни,

бұл балаға емделуге баратындардың 80 пайызының білімі таяздар. Олар Ербосын айтқан ертегі мен аңызға сенеді.

Қалада тұрса оның өтіріктері әлеуметтік желі арқылы ашылып қалуы мүмкін»

Құқық органы қайда қарап отыр?

Танымал сарапшы осы күнге дейін Ербосынды зерттеп көріп ол туралы өз пікірін ғаламторда жариялаған екен. Осыны көрген ресейлік ата-ана қыздарын бала емшіге апарып, сал қылып қайтқанын айтыпты.

«Менде ресейлік үш азаматтың хаттары әлі сақтаулы тұр. Бірінде кішкене қыздарын Ербосынға емдетеміз деп уақытылы дәрігерге көрсетпей мүгедек қылып алғаны жазылған. Тіпті, олар өкініштерін кімге айтарын білмей, күнде жылайды екен. Мен осы азаматтардың опығы басқа отандастарымызға сабақ болса екен деймін. Себебі, соқыр сенімге еріп бірі — мүгедек, бірі- қайтыс болды.
Күн сайын бала емшіге орта есеппен 200 адам барады екен. Ал, олардың нешеуі жазылды, нешеуі өлді, біліп жатқан ешкім жоқ.
Құзырлы орган тарапынан бұларға неге тексеріс жоқ екеніне мен таң қалам.

Заң бойынша тыйым салу керек мұндай емшілерге. Бұл деген барып тұрған қылмыс қой.

Шын мәнісінде емші бала Ербосын – қоғамға өте қауіпті адам» , — деді проффайлинг.

Емшілікті тастаса Ербосыннан жақсы ұстаз шығады

Сөз арасында сарапшы жас емшінің танымал болып, жұртты өзіне үйіретіне тілшілерді де кінәлады.

«Емші бала шыққан уақытта еліміздегі барлық БАҚ ол туралы жарыса жазды. Жалпы журналистер «мен осы азамат туралы жазып отырып, басқа адамның өміріне қауіп төндірмедім бе?» деген жауапкершілікті ұмытпаулары қажет. Тілшілердің мақаласына сенген жұрттың бәрі сол балаға ағылды. Қайтеді енді, халық үшін әйтеуір бір нәрсеге сену керек.

Ауру қысқан кезде, тіпті бұл сенім деген нәрсе шарықтап кетеді. Ал, Ербосынның қамшысынан таяқ жеген соң жазылып кеттім дегендер туралы айтар болсам. Ол ауру онсыз да жазылатын еді. Тек ішкі сенім жетіспеген ол азаматқа», — деді Жанна Нұрсеитова.

Ербосынның есейген кездегі видеосын көрген сарапшы оқушының қайтадан қарапайым өмірге, тура жолға түсе алмайтынын айтты. Себебі, ақша мен биліктің дәмін татқан оның бойында өкініш ұшқыны да жоқ екен. Баланың бейнесінен өтірік көп байқалады деген маман «егер ол емшілікті тастаса жақсы ұстаз шығатын» еді деген пікірін білдірді.

Ғаламтор желісін ақтарып отырып байқағанымыз Ербосын Серікбаевтың емін алу үшін науқастар тек Қазақстаннан ғана емес, алыс-жақын шетелден де келеді екен. Бірі бала емшіден соң өмірім өзгерді деп мақтап жатса, кейбірі – ол алаяқ, текке шығындалдым деп даттауда.

Дереккөз: kaz.365info.kz

1 Пікір

  1. Баланың сөздері өте дәлелді. Ал үстіне әйелдерге арналған өрнек салған шапан киген (гей ме, не пәле өзі?) басына сәлде төңкерген дүмше молданың сандырақтары ақылға мүлде қонымсыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз