Каспий теңізінде үш тәулік бойы қалып қойған жігіт қалай аман қалғаны туралы айтты

0
208

Абылай Сүлеймен ораза ұстаған және 19 маусым күні кешкісін ауыз ашқаннан кейін досымен бірге ыстық күнде Каспий теңізінде шомылмақшы болады.

Үш тәулік бойы ашық теңізде қалып қойған 24 жастағы Абылай Сүлейменов ҚазАқпарат тілшісіне өзінің қалай құтқарылғаны жайлы айтып берген.

Екі дос алысқа жүзіп кетеді. Бір мезетте толқын пайда болып, оның досы жағаға шығады, ал ағыс оны ары қарай алып кетеді. Абылайды бір өлімнен автомобиль камерасы орнатылған құтқару жилеті сақтап қалған.

«Мен жүзе аламын, осы уақытқа дейін менде тек бір ой болды – жағаға дейін жүзіп бару. Мен ұйықтамауға тырыстым, бірақ камера төңкеріліп, суға батып кетем деп ойладым», – деп еске алады ол.

Осы уақыт ішінде Абылайдың үстінен екі тікұшақ пен теңізде браконьерлердің бар-жоғын тексеретін кеме жүзіп өткен, алайда оны ешкім көрмеген. Жігіттің өзі мұны киген жилеттің түсі дұрыс еместігімен түсіндіреді.

«Менде жасыл түсті жилет болды, ол теңіз суымен түстес келді және қара автомобиь камерасы болды. Сондықтан мені іздеушілер байқамай қалды», – деді ол.

Абылайдың айтуынша, оны Иран кемесіндегі адамдар құтқарып алған.

«Мен кемені көріп, ағыстың бойымен оған жүзіп бардым. Олар мені бинокльмен көріп, шлюпканы түсірді, кейін құрғақ киімдер беріп, мені жылытты. Кемеде орыс тілді адамдар болды, оларға қайдан және қалай келгенімді түсіндірдім. Олар ТЖ мамандарына мен туралы хабарлады», – деді ол.

Абылайдың қан қысымы мен температурасы түсіп кеткен, құтқарушылар оны жартылай ес-түзсіз күйінде Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіп, тиісті көмек көрсетті. Абылайдың анасы Сәлима Жолдасованың айтуынша, ұлының жоғалғаны туралы ол келесі күні таңертеңгісін білген. Ол балалар бақшасында аспазшы болып жұмыс істейді. Абылай компьютер техникаларын жөндеумен айналысады, олар бір күннің ішінде жиі хабарласатын болған. Сол күні ол жұмысқа кеткен, анасы оны кешке ауызашарға күткен, алайда ол келмеген.

«Ол тамақтанып, үйге келетін шығар деп ойладым. Таңғы асқа ұйықтап қалыппын. Жолдасым таңғы 6-да ұлымыздың үйде қонбағанын айтты. Оған қоңырау шалдым, алайда ол алмады. Достарының үйінде қонып, ұйықтап жатқан соң алмаған болар деп ойладым», – деп атап өтті ол.

Оның жоғалғанын білгеннен бастап Абылайдың анасы көз жасын көл қылып, Алладан оның тірі табылуын сұрап, теңізге барып ұлын қайтаруды сұраған.

«Қасиетті Қадыр түні дұға жасадым, есікті біреу қаққандай болды, ашсам ешкім жоқ. Таңертең қайын ағамның жұбайына хабарласып, жақсы жаңалықты жеткізіпті», – деді ол. Ұлымен қауышқан анасының қуанышында шек жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін біз үш тәулік бойы ашық теңізде қалып, аман қалған 24 жастағы Абылай Сүлейменов туралы хабарланған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз