Қонақты балағаттап, жұдырық сермеген ЭКСПО күзетшісі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

3
337

Экспо-2017 көрмесіне келушілерге қоқан-лоққы көрсеткен күзетшінің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Басым көпшілігі жұдырық ала жүгірген күзетшіні «тәрбиесіз» деп сөксе, енді бірі «шетелдік қонақтардан ұят болды» деп қынжылуда.

«Астананың сыпайы күзетшілері» деген роликте күзетші видео камерасын қосқан келушілерге «сендер біздің территорияны түсірдіңдер, жүріңдер» деп белгісіз жаққа шақырады. «Сіз кімсіз? Аты-жөніңізді айтыңызшы, кім екеніңізді?» деген сұрағы үшін күзетші «басымды қатырма» деп жұдырығын ала жүгіріп, қонақты балағаттай жөнелді.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

3 ПІКІРЛЕР

  1. Осындай бейшара түк көрмеген қараңғы ақымақтарды охранаға да алмау керек. Керуенде де бір охранник суретке түссек, болмайды, «это частное территория» деп қоқан-лоқы көрсетіп, өзін бір кинодағыдай сыщик сияқты сезініп қуып жүр.Күлкің келеді сыртынан , сосын орнына қойдым,бірақ бастығына барып айтуға жүмыссыз қалар,қазақтың баласы ғой деп аядым. Бірақ оларды үйретіп,түсіндірме жұмыстарын жүргізу
    керек, əйтпесе олар армандап кетеді.

  2. Мынау шантаж ғой! ЭКСПО ның территориясы емес, Хилтон қонақ үйінің аймағы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз