Шымкентте саңырау әрі мылқау такси жүргізушісі адамдарды тегін тасып жүр (фото)

0
432

Шымкент тұрғындары оғаш такси жүргізушісін қызу талқылауда. Ер адам кез келген жанды діттеген жеріне тегін жеткізеді екен. Ол тек ақысы ретінде оған дұға етуін сұрайтын көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте саңырау әрі мылқау такси жүргізушісі адамдарды тегін тасып жүр (фото)Такисге мінген жолаушы қайда баратынын жүргізушінің дәптеріне жазуы тиіс.Себебі азамат саңырау әрі мылқау. Ал жеткесін оның жұмысына пікір білдіріп, жазба қалдырсаңыз, ер адамды мәз ететініңіз анық.

Бір қызығы, ер адам жеткізіп салғаны үшін көк тиын да алмайды. Ол тек өзіне дұға етуін өтінеді екен.

Ескі көлігімен әр кеште Шымкентті аралайтын ер адам алғысын жаудырған тұрғындар жанын жадырататынын алға тартты. Оның дәптерінде бос парақшалар бітуге шақ қалған.

Шымкентте саңырау әрі мылқау такси жүргізушісі адамдарды тегін тасып жүр (фото)Журналистер ер адамның жеке фирмада күзетші болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол үйленген әрі ұлы бар екен. Ер адам ешқандай көмекке мұқтаж еместігін, жақсылықты Жаратушының разылығы үшін жасайтынын айтуда. 

Ол өз есімін жалпақ жұртқа жария етуден бас тартты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз