«Қоңыр» тобының экс-әншісі Малайзияда модель болып жүр

0
361

«Қоңыр» тобының экс мүшесі Жазира Қошанова қаңтар айында топтан кетіп, Малайзияға қоныс аударған болатын. Қазіргі таңда бойжеткен аталмыш елдің подиумын бағындырып, сұранысқа ие модельдердің ондығына кіруге талпынып жүр деседі.

Бұл туралы 365info.kz порталы хабарлайды.

Осыдан бір ай бұрын Куала-Лумпурда өткен ауқымды сән апталығында Жазира Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Ол туралы қазіргі таңда Малайзиядағы жалғыз қазақ журналисті ретінде қызмет атқарып жүрген Талғат Қалжан «Instagram» парақшасы арқылы видеоблог жариялап, бөліскен.

Қазіргі уақытта Жазира Қошанова Малайзиядағы белді сәнгердің жаңа киім үлгілерін жарнамалайтын фотосессияға дайындалып жатыр. Жаңа фотосессияда Жазира сол дизайнердің киім үлгісінің бейнесі болмақ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз