Францияда асшаян жеген Салтанат Бақаева жұрттың жиіркенішін туғызды (видео)

0
637

Күйеуімен бірге Францияда демалып жатқан Салтанат Бақаева жат жерде жеген асын көрсетіп, сынға қалды.

бакаева устрица

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазіргі уақытта Бақаева Францияның көрікті шахарларының бірі Канны қаласында демалуда. Салтанат сәт сайын демалысының қалай өтіп жатқанын айтып, қызықтарымен бөлісуде.

Бірнеше сағат бұрын әнші кешкі асқа жеген тағамын көрсетіп, жұрттың жиіркенішін туғызды. Актриса күйеуімен бірге устрица (ұлудың жеуге болатын түрі), асшаян сынды қазақ халқы аса ұнатпайтын тағам түрлерін жеп отырған сәтінен видео жариялады.

Бұл ретте: “Фу”, “Не деген жиіркенішті”, “Бақа-шаян жемей-ақ қойса қайтеді”, “Мұндай нәрселерді мұсылмандар жемеген, жегендеріңді көрсетпей-ақ қойсаңдар болады ғой”, “Сіз үшін ұялып отырмын”, “Аш болсаңдар да жемеңдер”, – деп сынады желідегілер.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз