Астаналық түлектер ҰБТ-да ұялы телефондарды әуретті жеріне жасырып кірген (фото)

0
473

NUR.KZ оқырманы WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне Астанада 20 маусым күні өткен ҰБТ-ның онлайн көрсетілімінен стоп-кадрларды жолдады. Аграрлық университетте өткен ҰБТ-да түлектердің ұялы телефон ұстап тұрғаны анық байқалады.

Астаналық түлектер ҰБТ-да ұялы телефондарды әуретті жеріне жасырып кірген (фото)«ҰБТ әділ өтеді деп көп жазып жатады. 20 маусым күні Астанада бірінші лектің ҰБТ тапсырғанын тамашаладым. Ұялы телефонмен кірген балалар WhatsApp арқылы тапсырмаларды жолдап, жауаптарын алып үлгеріп жатты. Ал өз күшіне сеніп кіргендер, ақыры түкке үлгермей төмен балл жинады. Бұл тікелей көрсетілімді бәрі көрді, тек Білім министрлігі көрмей отыр», – дейді оқырман.

Астаналық түлектер ҰБТ-да ұялы телефондарды әуретті жеріне жасырып кірген (фото)

«Бәлкім бар-жоғы 1,9 минут берілетін тапсырмаларды орындап, 120-130 балл жинаған балаларды көрсетпей-ақ қоямыз? Мұндай аз уақытта, тіпті мұғалімдер жауап беріп үлгермейді. Мен математиканы жақсы білемін. Алайда кей есептер 15-20 минутта шешіледі. Несіне мәзбіз? «, – дейді ол.

Оқырман ҰБТ нәтижесін аттестаттағы бағамен салыстыру керек деп санайды. Себебі, мектепті үш пен төртке бітіргендер 90-110 балл жинап жатыр екен. Ол сонымен қатар, білім саласындағыларды ҰБТ-ға берілген уақытта бар тапсырманы орындап көруге кеңес берді.

Астаналық түлектер ҰБТ-да ұялы телефондарды әуретті жеріне жасырып кірген (фото)Білім басқармасының төрағасы бұл суреттерге қатысты түсініктеме берді. Ол түлектердің ҰБТ-ға ұялы телефондарды әуретті жеріне жасырып алып кіргендерін айтып, ақталуда.

Дегенмен түлектердің ешбіріне ұялы телефон байланысын пайдалану мүмкіндігі болмады деп сендірді ол. Себебі, ҰБТ кезінде байланысты болдырмайтын арнайы құрылғылар іске қосылған екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз