Пәктігінен айырылған қызға үйленсе бола ма?

1
4417

Пәктігінен айырылған қызға үйленсе бола ма? Оқырман тарапынан жиі қойылатын сауалға ihsan.kz порталы жауап береді.

«Ассалаумағалейкум! Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді. Шариғат бойынша қыз емес қызға үйленсе қалай болады және оның болашақ ұрпағына әсері болады ма?», – деген оқырман сауалына дін қызметкерлерінің айтуынша, пәктігінен айырылған қызға үйленудің еш әбестігі жоқ.

«Уа алейкум ассалам! Шариғат бойынша пәктігінен айырылған қызға үйленудің еш әбестігі жоқ. Оның болашақ ұрпаққа тигізер зияны да жоқ. Алайда, қыз күйінде алынған әйел абзал және соған басымдылық беріледі.

Оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұрын тұрмыста болған әйелді алған Жабирге (р.а.): «Саған ойнап күлетін жас қыз табылмады ма?» деп қойған сұрағынан байқауға болады», – дейді дін мамандары.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз