Қазы айналдырып, ірімшік қайнататын Заманбектің қызы көпшіліктің таңданысын тудырды (фото, видео)

1
183

Алматының экс-әкімі, марқұм болған танымал саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың қызы Құралай Нұрқаділованың ірімшік қайнатып отырған суреті көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазы айналдырып, ірімшік қайнататын Заманбектің қызы көпшіліктің таңданысын тудырды (фото, видео)Танымал дизайнер қазанға ірімшік қайнатып отырған суретін Instagram желісінде жариялаған. Мұны көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмай, Құралайдың қарапайымдылығына тәнті болды.

«Асылдың сынығы емес пе, қандай қарапайым едіңіз!», «Сізді ақ саусақ деп ойласам, рецептін жазыңызшы», «Қазан асып, ірімшік қайнататын қазақтың осындай текті қыздары аман болсын», – деп жазған дизайнердің парақшасындағы оқырмандары.

Қазы айналдырып, ірімшік қайнататын Заманбектің қызы көпшіліктің таңданысын тудырды (фото, видео)Құралай өзін осындай іске тәрбиелеген анасы мен әкесіне алғысын білдіруді де ұмытпаған.

«Мен мұны үйде де жасаймын, үйге табиғи сүт қана аламыз. Өзіңнің ірімшігіңді жегің келетін кездер болады. Қазыны да өзім айналдырамын, қарында жуамын, отбасымда етті де тұздаймын. Осындай тәрбием үшін анам мен әкеме алғыс білдіремін!», – деп жазған ол.

 

Қазы айналдырып, ірімшік қайнататын Заманбектің қызы көпшіліктің таңданысын тудырды (фото, видео)

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз