Президентке жағынбақ болғандар желіде күлкіге қалды (фото)

0
481

Журналист Әсия Бағдәулетқызы өзінің Facebook-тегі парақшасына ерекше баннердің суретін жариялады. Желі қолданушылары елбасына жағымпаздық жасағандардың бұл әрекетін мазақ етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Президентке жағынбақ болғандар желіде күлкіге қалды (фото)Сурет жария бола салысымен оған қатысты жағымсыз пікірлер легі ағыла бастады.

«Нұржағымпаздық», «Нұрмасқара», «Нұрсұмдық» деген желі қолданушылары бұл баннерге қатысты басқа айтар сөз таппай жатыр.

Фотоны көріп, өз көзіне өзі сенбей жатқан адамдар да бар.

Бұл суреттен баннердің авторы шығыс қазақстандықтар екенін аңғаруға болады.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 21-25 шілде күндері Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндері жоспарланған. Бұл баннердің сол шараға арнайы дайындалуы мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз