“Азаматтарға арналған үкіметтің” баспасөз қызметі Алматы облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болған дауға қатысты түсініктеме берді, деп хабрлайды stan.kz.
Оқиға 18 шілде күні Қарасай аудандық ХҚКО бөлімінде болған.
“Бейнежазбадағы әйел 2010 жылы туған ұлының дайны болған құжатын алу үшін мемлекеттік мекемеге келген. Маман дайын құжаттарды беру кезінде ережеге сәйкес, оның қол қоюын және жеке басын куәландыратын құжатын сұраған. Алайда клиенттің қолында тек қызына берілген құжатты алу туралы қолхат ғана болғандықтан, маман оған құжатты беруден бас тартады. Осы себепті ол дау шығарып, балағат сөздер айтып, тіпті маманға қарсы физикалық күш қолдану көрсетпек болып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Біраз уақыттан кейін ол жеке куәлігін алып келіп, сосын барып оған баланың құжаты берілген,” – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда полиция бөлімшесіне келіп түскен шағым бойынша, әйелді ҚР әкімшілік кодексінің 434 бабы бойынша жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
“Азаматтарға арналған үкімет” өз қызметкерінің әрекетін қолдайды және орталыққа келушілерге қойылған ережелерді сақтап, мемлекеттік қызметкерлермен сыпайы сөйлесуге шақырады”, – делінген баспасөз хабарламасында.