Ақшасы аппаратпен 5 сағат саналған олигарх мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

1
150

Ұсталған кезінде үйінен табылған ақшасы 5 сағат бойы саналған Ақтөбенің атақты олигархы уақытынан бұрын бостандыққа шықты. Атышулы Мейіржан Өндіргенов рақымшылыққа ілініп, оның жаза мерзімі қысқартылған деп хабарлайды ктк арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ақшасы аппаратпен 5 сағат саналған олигарх мерзімінен бұрын бостандыққа шықтыОл былтыр 4 жылға сотталған еді. Бастапқыда Өндіргеновке ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, әріптесінің бизнесін бопсалады деген айып тағылған. Бірақ бұл сотта дәлелденген жоқ. Десе де, 5 жыл бойы зейнеткерлер мен мүгедектерді өзіне тиесілі «Автопарк» арқылы ақысыз тасымалдағаны үшін заңсыз субсидия алып келгені анықталған.

Кәсіпкер сол әрекеті үшін бас бостандығынан айырылып қана қоймай, мемлекетке келтірген 900 миллион теңге шығынды қайтаруға міндеттелген болатын. Сол қаржының бәрін Өндіргенов қазынаға уақытылы өндіріп беріпті. Әрі рақымшылыққа ілінуіне түрмедегі үлгілі тәртібі де әсер еткен. Бұрынғы мәслихат депутатының 3 жылға сотталған серіктесі Ербол Әбіл де амнистия бойынша босатылды.

1 Пікір

  1. Жалпы ақшалыларды отырғызу дұрыс емес. Себебі ЖОМАРТ , қолы ашық Азаматтар бар.Олар үнемі айналаға көмегін беріп отырады. Халқым деп жүргендерді отырғызу зиян.Оларға жұмыс жасатып қаржысын дұрыс жұмсауына мүмкіндік беру. КІМГЕ БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ТҮСТІ , СОНЫ ҚАЛАЙДА » ЖЕП» қойды деп тексереді ғой. Қағаздарды!!! Түгел рабочилар қашып кетіп басшы қалып сол түрмеге түседі……

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз