Оңтүстікке кітабын сатуға келген Баян Мақсатқызы кеудесін ашқаны үшін сынға қалды. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.
Атышулы продюсер Баян Мақсатқызының елді шулатқан өмірбаяны оңтүстік өңірінің қыз-келіншектеріне де аян.
Автор алғашқы кітабын жарнамалау үшін жігіті Тұрсынғали Алагөзовті ала келіпті. Оларды оңтүстік жұрты ерекше сыймен таң қалдырды. Қарбыздың бетінде автордың аты ойып өрнектелген.
Өз өмірі жайлы кітабының тұсауын кескен Баян осыған дейін берген «енді бір жыл бойы жақ ашпаймын», деген сертінен тағы да тайды. Қаладағы Риксос қонақүйіне тоқтаған жұлдызды жұп шыдамай кетіп, сол жерде баспасөз-мəслихатын өткізді.