Тойда ақ дастархан үстіне шығып билеген қазақ қызының әрекеті халықтың ашуына тиді (видео)

0
552

Қазақ тойларында орын алып жатқан сорақы би мен әзілдердің күн артқан сайын сан түрі шығып жатыр. Осы жолы қонақтарға жайылған ақ дастархан үстіне шығып билеген бойжеткеннің әрекеті көпшіліктің ашуын келтіріп, жаға ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видеоны Instagram желісіндегі «Қазақ той» парақшасы жариялады.

Серік Ибрагимовтың «Жүрдек пойыз кетті» әніне билеген бойжеткен дастархан үстінде еш қымсынбастан екі қолын көтеріп, барынша көңілді болып жүр. Оның жанындағы құрбылары да қызға қой демейтін сияқты.

Қыздың бұл әрекетін көрген желі қолданушылары «Ақ дастархан мен нанды сыйламаған ақымақ», «Мұны қарап тұрған еркектерде намыс жоқ екен», «Тәрбиесіз! Өзі ас ішкен дастархан үстіне шығып алғаны несі?!» деп қатты ашулы екендерін білдіріп жатты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз