Белгісіз біреулер министрді ұрлап кетті

0
401

Дағыстандық министрді ұрлап кеткен Махачкаланың екі тұрғыны тәртіп сақшыларының қолына түсіп, шенеунік босатылған. Бұл туралы Интерфакс басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Дағыстанда белгісіз біреулер министрді ұрлап кетті«Ұйымдасқан қылмыстық топпен бірге адам ұрлап, зорлық-зомбылық көрсеткен, слндай-ақ, заңсыз қару пайдаланғаны үшін күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды», – делінген Ресей тергеу комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

20 шілде күні Дағыстан республикасының архитектура және құрылыс министрін белгісіз біреулер тапаншамен қорқытып, ұрлап кетеді. Олар белгілі шенеунік үшін ірі көлемдегі ақша талап етуді көздеген.

Ведомство министрдің аты-жөнін атамағанмен, министрлік сайтының ақпаратына сүйенсек, Дағыстанның құрылыс министрі Ибрагим Казибеков екен.

«Келесі күні қарақшылар сұраған ақшаның 30 млн рубль көлеміндегі бөлігін беру үстінде қылмыскерлер арнайы орган қызеткерлерінің қолына түсті», – дейді баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз