АН-72 ұшағының құлауын көрген адамдар болған оқиғаның мән-жайларын айтып берді. ВИДЕО

0
169

24KZ телеарнасы: АН-72 ұшағының құлауын көрген адамдар болған оқиғаның мән-жайларын айтып берді.

– Оңтүстік Қазақстанда әуе апаты болды. Ішінде 27 адам отырған АН-72 әскери-көліктік ұшағы құлады.
Түні бойы әуе апатының орнында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полицейлер жұмыс істеді, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

Қайғылы оқиға Шымкент әуежайынан 20 шақырым жерде орын алды. Шағын ғана Тассай ауылының тұрғындары әлі де үрей үстінде. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ ауылдың үстімен өте төмен өткен, одан кейін қатты жарылыс болды. АН-72 цемент зауытының карьеріне құлады.

Диас ОЛЖАСОВ, куәгер: «Кешке дауыл болды. Шамамен кешкі сағат 7:30-да өте жарық болып, қатты жарылыс естілді. Біз оны отшашу деп ойладық. Шығып қарасақ, ұшақ құлапты. Мұнда жақын жерде ауылым орналасқан, өрт сөндіру бөлімі және май зауыттары бар».

Оқиға орнына жақын жерде жол және патрульдік полицияның күшейтілген бекеттері тұр. Олар ешкімді, соның ішінде журналистерді де өткізбеуде. Бірақ апат орны алыстан да көрініп, қорқыныш тудырады.

Ұшақтың ішінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен «Оңтүстік» шекара әскерлері бастығының міндетін уақытша атқарушы Павел Доценко, сондай-ақ «Қордай» және «Сарыағаш» шекара жасақтарының басшылары болғаны анықталды. 26 желтоқсан күні ұшақ Өзбекстан шекара қызметінің басшылығымен кездесу жоспарланған Ташкент қаласына ұшуы тиіс еді. Қайғылы оқиғаның себебі әзірше белгісіз.

ҚазАқпарат

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз