Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен дін қызметкері сотталды

0
559

Қостанайда 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен “Источник жизни” христиан шіркеуінің мүшесі сотталды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Тыйым салынған байланыс ойда жоқта әшкере болған: қылмыскермен бірге тұратын әйел оның телефонындағы хат-хабарларды қарап отырып, ол қыздың жақын құрбысының жиені, Қостанай мектептерінің бірінің 9 сынып оқушысы екенін таныпты.

Қостанай облысы дін істері бойынша басқармасының қызметкері Сапарғали Әбдиевтің сөзіне сүйенсек, қылмыскер “Источник жизни” шіркеуінің келушісі, жасөспіріммен сонда танысса керек, өйткені оның анасы да сол шіркеуге барып тұрады екен.

“Шіркеудің хабарлауынша, айыпталушы Батырбеков аластатылған және діни қауымның негізін салушылар мүшелігіне кірмейді, — деп атап өтті Әбдиев. – Сот оны екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, өйткені жыныстық қатынас екеуара келісіммен болған, сондай-ақ айыпталушы кінәсін толығымен мойындады”.

Сонымен, сотталушы үкім бойынша 140 мың теңге айыппұл төлеп, екі жылға бас бостандығы шектелді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз