Қарағандыда танымал емшіні тірідей көміп тастады (видео)

1
183

Қарағандыдағы танымал емші, тарихшы және жазушы Дәуір Шәкіржан эксперимент үшін саяжайда өзін тірідей көмуге рұқсат берді деп хабарлайды еКaraganda.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарағандыда танымал емшіні тірідей көміп тастады (видео)       ДӘУІР ШӘКІРЖАН. ФОТО КАДР ИЗ ВИДЕО

Дәуір Шәкіржанды көпшілік батыл экспериментші ретінде біледі. Бұдан бірнеше жыл бұрын өзін крестке байлап қойып, елді шулатқан.

Тағы оқыңыздар: Есінен танған әкесін ауруханаға өзі әкелген жеті жасар қыз дәрігерлерді таңғалдырды

Оның қырық күн қатарынан аштық ұстаған кездері де болды.  Міне енді жаңа эксперимент.

Күні кеше Дәуір өзін тірідей көмдірді. Атап өтетіні, ауаның сақталып тұруы үшін шұңқырда шағын кеңістік болған.

Қарағандыда танымал емшіні тірідей көміп тастады (видео)

ФОТО ВИДЕО КАДРЫНАН

«Бұл менің өзімді көрге тірідей көміп жатқан бірінші әрекетім емес. Бұл сынақты 2013 жылы жасап көргенмін. Ол кезде шұңқырда ауа бұдан аз болған, оның үстіне мені көмген адам ұйықтап қалып, мен мұнда тұншығып өле жаздағанмын. Бұл жолы мен бәрін ойластырып, жылы киініп, көрді кеңірек қаздым»,-дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің пәтерақысын төлеуден бас тартты

Ол адамдар өлмейтіндей болып жүретінін айтады. Сол себепті осындай сынақтарды жасап көру өзінің өмірге көзқарасын өзгертетінін алға тартады.

«Біз уақыттың зымырап өтетінін ұмытамыз. Көрде жатқанда топырақ төгіліп, көзің мен құлағыңа кіреді. Өлімнің көзіне тік қараған кезде өмірді бағалай бастайсың»,-дейді Дәуір.

Қарағандыда танымал емшіні тірідей көміп тастады (видео)ФОТО КАДР ИЗ ВИДЕО

Аталған экспериментті автор қайталамауға шақырады. Ол өзі түсетін шұңқырды қолдан жасалған каркас материалмен орап, үстінен топырақ лақтырған.

«Маған шұңқырдағы ауа жетуі тиіс еді, оттекті асфиксия болса тұншығып, өліп қалуың мүмкін. Мені досым ұмытып кеткен кезде солай болған. Ол мені қанша оятуға тырысқанмен, мен ес-түссіз жатқам. Осы жолы мен жер астында 8 сағат жаттым. Ауа жеткілікті болды»,-дейді қарағандылық.

1 Пікір

  1. Керемет. Ең болмаса өмірді сезінеікші, ажал туралы сандырақтай бермей. Ал өмірді түсіну үшін өлімге бәс тігу керекпіз

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз