ЖЫЛ АДАМЫ – 2012

0
140

”ЖАС ҚАЗАҚ ҮНІ” ГАЗЕТІНІҢ ЖЫЛ АДАМДАРЫ

«Жас қазақ үні» газеті мен www.qazaquni.kz сайтының 2012 жылғы «Жыл Адамдары» анықталды. Бірнеше номинация бойынша «Жыл Адамдарын» 2012 жылғы 15-27 желтоқсан аралығындағы телефон сауалы, sms, электронды пошта және www.qazaquni.kz сайтындағы Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз арқылы Сарапшылар алқасы анықтады. Әрине, газет сайтындағы мыңдаған оқырманның жүздеген ұсыныстары, яғни, көпшілік қауымның таңдауы басты рөл атқарғанын айтуға тиіспіз. Біз бүгін «Жас қазақ үні» газеті (жаңа жылдан бастап газетіміз «Қазақ үні» болып аталатынын еске саламыз) мен www.qazaquni.kz сайтының «Жыл Адамдарын» жаңа жылдарымен құттықтай отырып, оларға келер жылы да келелі табыс тілейміз! Сонымен «Жас қазақ үні» газетінің 2012 жылғы Жыл Адам­дарымен таныс болыңыздар!

Жыл ақыны – Мұхтар Шаханов

Биыл 70-ке тол­ған әлемге әй­гі­лі ақиық ақын, қанатты қай­рат­кер Мұхтар Ша­ха­новтың тойы – халықтың өз ын­тасымен өткізген ерекше ел тойы болды. Оңтүстікте басталған той Аста­нада, Қызылордада, Түр­кістанда жалғасып, Алматыда қорытын­дыланды. Биыл ең көп, 15 кітабы шық­қан, әр өлеңінде та­рих жата­тын ақынның басты кітабы – «ҚазАқпарат» баспасы шығарған 1400 беттік (116 баспа­табақ) таң­дамалы шығармалары болды.

Жыл жазушысы – Төлен Әбдік

Әйгілі жазу­шы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Төлен Әб­дік те биыл же­місті жетпіске тол­­­ды. Аз жазса да, саз жазатын дара дарын иесі биыл бүкіл Түркі ел­дерінің ішінде 2012 жылғы «Түркі әлемінің әде­би қайраткері» атағын ие­ленді.

Жыл драматургы – Дулат Исабеков

Дарынды жа­зушы-драматург, Мемлекеттік сый­лықтың лау­реаты Дулат Иса­бековтің 70 жыл­дығын әлем той­лады десе де бо­лады. Өйткені қа­зақ мәдениеті тарихында тұң­ғыш рет бір тұлғаға арналған ха­лықаралық апталық театр фес­тивалі дүркіреп өтті.

Жыл депутаты – Азат Перуашев

Еліміз та­ри­хын­да тұңғыш көп­­партиялы Пар­ламентте екін­ші орын ал­ған «Ақ жол» пар­тиясы жетекшісі Азат Перуашев Мәжі­лісте де же­місті еңбек ете білді. Ол басқарған «Ақ жол» фрак­циясы көптеген мәселелердің ше­шілуіне ықпал етті.

Жыл сенаторы – Болат Жылқышиев

Салмақтылы­ғымен таныла­тын Сенат депу­тат­­та­рының ішін­де биыл Бо­лат Әбжаппар­­ұлы бел­сенділік танытты. Көптеген мә­се­лелермен қатар басты мәсе­ле – мемлекеттік тіл мәселесіне де қолдау көрсетті. Мемлекеттік қызмет туралы заң қабылданарда Болат Жыл­қы­шиев: – «Мем­лекеттік қызметке келген әрбір адамның мем­лекеттік тілді білуін міндеттей­тін уақыт келді. Заң қа­былда­на­тын болған соң, талапты да кү­шейту керек шығар. Егемен­діктің 20 жылы өтті, сол 20 жылда үй­рен­гісі келгендер үйренді, үй­рен­гісі келмегендерге міндеттеу мәселесін заңға енгізу керек.Мем­­лекеттік қызметкерге мем­лекеттік тілді білуді міндеттеу керек», – деп кесіп айтты.

Жыл әкімі – Бердібек Сапарбаев пен Асқар Мырзахметов

Шығыс Қазақстан секілді ора­сан үлкен де, күрделі облыстың берекесін кіргізіп жатқан Берді­бек Сапарбаев биыл еселі еңбегі үшін Елбасы қолынан бірінші дәрежелі «Барыс» орденін алған жалғыз әкім. Б.Сапарбаевтың ке­луімен Шығыстың шырайы ар­тып, экономикалық-әлеуметтік жағдайымен қоса, мәдени-руха­ни саласы да қарқын алғаны мә­лім.

Ал биыл 80 жылдығын өткізген Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Мырзахметов көптеген салада өңірді алға шығарды. Асқар Мырзахметов Тәуелсіздік мерекесінен бұрын Жаңа жылға дайындалуға тиым салған тұң­ғыш әкім. Өзіміздің бүкіл Шы­ғыс­тың нағыз Жаңа жылы – Әз-Наурызы – Ұлыстың ұлы күні тұр­ғанда, Христиандар мереке­сі – 1 қаңтарға қара күзден да­йын­далатын барлық облыстар мен қалаларға қарағанда, мұндай иманды оң үрдістің Оңтүстіктен басталғаны ақиқат. Ал кешегі әскери ұшақ апатынан кейін Жаңа жылды мерекелеу Оңтүстікте мүлдем тоқтатылды.

Жыл министрі – Әлихан Бәйменов пен Дархан Мыңбай

Биыл «Мемлекеттік қызмет туралы Заңның» қабылдануында Мемлекеттік қызмет істері жө­нін­­дегі агенттік төрағасы, белгілі сая­саткер Әлихан Байменовтың еңбегі зор болғаны анық. Кезінде осы агенттіктің тұңғыш төрағасы болған ол жаңа қарқын, жоғары білікпен жемісті жұмыс істей білді. Нәтижесінде мемлекеттік қызметтің саяси салмағы және халық алдындағы шын мәніндегі жауапкершілігі мен этикалық-мәдени дәреже-дең­гейін белгілеп берген заң дүниеге келді.

Мамандығы журналист, идео­ло­гия саласының білгірі – Дархан Мыңбай Мәдениет және ақпарат министрі болғанда, қуанып қал­ған зиялы қауымның үміті ақта­лып келеді. Министрлік тізгінін қолға ала салысымен байыпты бас­шылық жасап, нәтижелі жұ­мыс істей білген ол қазақ та­рихын­да тұңғыш рет Мәдениет са­ла­сы қызметкерінің күнін бел­гі­летті. Жиырма жылдан бері жыр болып келе жатқан Қазақ­стан Журналистерінің этикалық Ко­дексі де Дархан Қамзабекұлы­ның кезінде қабылданды. Телеар­на­лар соңғы технологиямен жаб­­дықталып, тәуелсіз қазақ ба­сы­лымдарына да қан жүгіріп ке­леді.

Жыл экономисі – Ислам Әбішев

Су ресурстары комитеті төраға­сы Ислам Әбі­шев­тың 2011-2015 жылдарға ар­налған бағдар­ламадағы барлы­ғы 394 миллиард теңгенің… төрт­тен үшін… 302 милиард теңгені үнемдеп, қысқартып тастауы – елімізде сенсацияға айналды. Ал сенсацияға айналдырғандар… әлгі зор сыбағаларынан айрылған алапат ақшаның артында тұрған­дардың жала жабуы. Қоғамдық пікір бір ауыздан Ислам Әбішев­тың елжандылығы мен көзсіз ер­­­лі­гін жақтап шықты.

Жыл ректоры – Әмірлан Құсайынов пен Амангелді Сопбеков

Президенті академик Әмірлан Құсайынов болып табылатын Қазақ Бас сәулет-құрылыс ака­демиясының соңғы жылдар­дағы ең басты жетістігі – көп ізденіс­тер нәтижесінде «Сәулет» ма­ман­ды­ғы бойынша дүние жү­зінде бірінші болып халықаралық аккредитациядан өтуі. Кредиттік жүйені енгізе отырып, студент­терге әлемдік білім беру кеңіс­ті­гінде, шетелдердің алдыңғы қа­тар­лы жоғары оқу орында­рында өз білімін еш кедергісіз жалғас­тыруына мүмкіндік беруде. Балон үрдісіне қатысқан білім ордасы өркенитті елдердің 35 жоғары оқу орнымен, ұйымдарымен ха­лық­ара­лық ынтымақтастықта. Ака­де­мия отандық жоғары оқу орын­дары ішінде студенттер тәжіри­бе­сін шетелдерде өткізуге мүм­кін­дігі бар бірегей оқу орны.

Ал республикалық техникалық және кәсіптік оқу орындары бай­қауында «Ең үздік оқу орны» атағын жеңіп алған Амангелді Сопбеков басқаратын Оңтүстік Қазақстан политехникалық кол­леджі биыл оңтүстікте өткен бай­қауда «Жыл шебері–2012» ата­ғына да ие болды. Оқу ордасы өзінің мықты техникалық база­сымен ерекшеленіп, түлектері жыл сайын республикалық бай­қауларда жеңімпаз болып жүр.

Жыл киносы – «Жаужүрек мың бала»

Белгілі ре­жис­сер Ақан Сатаев­тың әр киносы атау­сыз қалған емес. Ал «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі бүкіл елдің ықы­ласын жаулаған халықтық-па­триот­тық киноға айналды.

Жыл режиссері – Ермек Тұрсынов

«Келінімен» ел­дің наразы­лы­ғына (эротикалық көріністері үшін) ұшыраған белгілі режиссер Ермек Тұрсынов биыл «Шал» атты туындысымен ел ықы­­ласына бөленді. Адам тағ­дыры, адам мен аң арасындағы тартысқа құ­рыл­ған филосо­фия­лық бұл картина да «Келіндей» түсірілу шеберлі­гі­мен ерекше­ленеді. «Келінде» кет­кен кейбір кемшілікті «Шал» шарықтаған көркемдікпен ал­мас­тырған. Яғ­ни, «Келіннің» авторын «Шал» құтқарды…

Жыл актері – Ерболат Тоғызақов

«Шал» фи­ль­м­ін­дегі басты рөл­ді орындаған 65 жастағы шал Ер­болат Тоғұзақов жаңа есім ретінде жарқ етті. Кез-кел­­ген қара жұ­мыс­ты істеп жүре беретін қара­пайым жанның орын­даған Қа­сым шалы оған зор даңқ пен та­нымалдылық және та­быс әкелді. Жыл сайын берілетін «Құлагер» ұлттық кино сыйлығында ол «Ең үздік ер адам рөлі» үшін сый­­лығын жеңіп алды. Баспа­насыз қалған Ер­бо­латқа сыйлық­пен қоса тосын сый ретінде пәтер кіл­ті де табыс етілді.

Жыл сазгері – Ермұрат Зейіпхан

(марқұм)

Биыл өмірден ерте кеткен та­лантты әнші-композитор Ер­мұрат Зейіпханның «Көк тудың желбірегені» (сөзі Алмас Ахмет­бекұлыныкі) әні телеарналар мен барлық жиын­дарда орындалып, ел аузынан түспеді.

Жыл әншісі – Жұбаныш Жексенұлы мен Ескендір Ибрагим

Сазды дау­ыс­ты саңлақ әнші Жұ­баныш Жек­сенұлы биыл да экран мен эфир­ден түскен жоқ. “Дала даусы” радиофестивалының жеңімпазы атанды. Жүргізушілігінің өзі ешқандай журналистен кем емес ол, елдің қай жерінде болса да, дара да­рынымен халықтың ықыласына бөлене білді.

Ал Ермұрат Зейіпханның «Көк тудың желбірегені» әнін орындаумен танылған жас әнші Ескендір Ибрагимді ел жақсы біліп, бірден ұнатып қалды. Әсіресе, ол осы әнімен Лондон Олимпиадасына арналған бейне­роликте жарқырап көрініп, жас­тарды патриоттық тәрбиеге жете­леді.

Жылдың музыкалық тобы – «Нұр-Мұқасан» мен «Алаш үні» топтары

Әдеттегідей елдің сүйікті ән­шілері «Нұр-Мұқасан» тобы Қазақстанның бар түкпірінде ән шырқап қайтты. Олардың әуезді де, көркем бай репертуарлары да ел көңілінен шыға білді. “Қазақтың 100 әні” бәйгесіне 3 әнмен қатысып, жоғары дауыс жинаған Нұр-Мұқасанды ел асыға күтеді.

Ал биыл «Алаш үні» тобының ұлттық бояуы барынша жарқырап көрінген жыл болды. Алаштықтар «Еларнаның» «Саз әлемі» бай­қауын­да халықтың ең жоғары бағасына ие болды. Енді ұлттық бағыттағы әншілер де көбейетін шығар.

Жыл ғалымы – Нұралы Бектұрғанов

«Парасат» ұлт­тық ғылыми-тех­нологиялық хол­дингі» АҚ бас­қарма төрағасы, академик Нұра­лы Бектұрғанов биыл «Қа­зақстанның еңбек сі­ңір­ген қай­раткері» атағына ие болды. Оның басқаруымен «Па­расат» холдингі химиялық және тау-кен металур­гиясы, нано­тех­нология саласын­да көптеген ғы­лыми жетістіктерге жетіп ке­леді.

Жыл дәрігері – Юрий Пя

Тәуелсіздік мерекесі күні Ел­басы қолынан «Парасат» орденін алған «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның бас­қарма төрағасы Юрий Пя кеше ғана «Алтын адам-2012» атағына да ие болды. Бүкіл жаңа техноло­гия бар, жабдықтары өзге елдер­ден кем түспейтін ұлттық ғылыми орталықта әлемде жасалып жат­қан барлық операция жасалуда. Оның бәрі еліміздің барлық аза­маттары үшін қолжетімді болып отыр. Елімізде тұңғыш рет адам жүрегін ауыстырып салу осы орталықта іске асты.

Жыл спортшысы – Серік Сәпиев пен Илья Ильин

Лондон Олимпиадасында қа­зақ спортшылары әлемді таңғал­дырып, 7 алтынды жеңіп алды. Біз үшін қасиетті сан – жетінші алтын және Баркер ку­богының иегері – Серік Сәпиев­тің бокс шаршы алаңында атой салып, алаң қожайыны – ағыл­шын­дық­ты қуып жүріп сабап, еліміздің Әнұранын шырқатқаны болды.

Ал баһадүріміз, Бейжің Олимпиадасының чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы Ильия Ильин Лондонда Қазақстан тарихындағы тұңғыш 2 рет Олимпиада чемпионы атанды.

Жыл жетістігі – Астана қала­сы­ның әлем­дік дәстүрлі халықаралық көрме өткізубайқауында 160 елдің ішінен айқын басым дауыспен же­­ңіп алған ЭКСПО – 2017 бәйгесі.
Жыл жеңісі – қазақ спортшы­ларының Лондон Олимпиадасын­дағы 7 алтыны.
Жыл датасы – Алашорда үкіметі құрыл­ға­нына – 95 жыл, 13 жел­тоқсан.
Жыл үнемі – 302 милиард теңге үнемдеген Су комитеті.
Жылдың қылмысты оқиға­сы – 15 адамды жалмаған Арқанкерген оқиғасы.
Жыл жемқорлығы – Атырау облысындағы 32 миллиард теңге жым­қырылу оқиғасы.
Жылдың қаралы оқиғасы – әскери әуе ұшағы апатынан 27 адам қаза тапқан 25-желтоқсан.

Ескертпе: ”Жыл адамы -2012″ таңдауына іріктеу ұсыныстарымен

http://www.qazaquni.kz/14242.html бетінен таныса аласыздар

www.qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз