ЭКСПО-ға қыдырып барған мектеп оқушысын көлік қағып кетті

0
557

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы елордалық клиникаға әр түрлі жарақаттармен түсті, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап nur.kz.

24 шілде күні Астанадағы ЭКСПО-ны тамашалауға бір топ оқушымен бірге келген 12 жасар қызды автокөлік қағып кеткен. Ол әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылыпты.

Ақпаратты оқушының анасы растаған, бірақ директорға да, топ басшысына да шағымы жоқ екенін алға тартып, мән-жайды түсіндіріп беруден бас тартты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз