Астанада ер адам анасын буындырып өлтірді

0
163

Астанада мас адам жанжал кезінде анасын буындырып өлтірді, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Кісі өлімі биыл мамырда болған. Анасы мен ұлы сыра ішіп отырады, бір кезде әйел адам сыраны қойып, араққа көшпек болыпты. Мұнысы ұлына жақпай, аналы-балалы екеуінің арасында жанжал туындайды.

Ер адам бір қолымен анасын мойнынан қылқындырып, екінші қолымен бөтелкені тартып алмақ болғанда, шешесі көз жұмады.

Қылмыстық іс қаланың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Ер адамды кісі өлтіргені үшін айыпты деп танып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

sputniknews.kz 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз