Халық банкінің басшысы доллар бағамы 400 теңгеге жететінін жоққа шығарды

0
201

Теңгенің әлсіреуіне алыпсатарлардың ықпалы болды. Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова осындай пікірде деп хабарлайды Астана арнасы.

Оның сөзінше, мұның барлығы уақытша құбылыс, ал төл теңге құлдырап, доллар бағамы 400-ге барады деген мүлде қисынсыз.

«Өздеріңіз көргендей, Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне ешбір негіз жоқ екені жайлы ресми мәлімдеді. Бұл мұнай құнына, сондай-ақ рубль мен доллар курсына тікелей қатысты. Мен мұны алыпсатарлардың ісі дер едім. Бүгінгі биржада теңгенің нығайғанын көрдік», – дейді «Қазақстан Халық Банкінің» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Шаяхметованың пайымынша, нарық қатысушылары теңгенің еркін айналымға жіберілуінен кейін болған қиыншылықтарға бейімделіп үлгерді. Ұлттық банктің жаңа ақша несие саясатына да бой үйренді. Сондықтан теңге бағамын бірізділікке түсіру аса қолайлы шешім емес, әрі мемлекет үшін тиімсіз дейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз