Америкалық эмбриолог ғалым Роб Гиллхам Құран аяттарымен танысқан соң, ислам дінін қабылдаған екен. Ол қасиетті Құранда жазылған «ажырасқан әйелге 4 ай уақыт өткенше қайтып тұрмыс құруға тыйым салынады» деген ескертуге ерекше назар аударыпты деп жазады Mazhab.kz.
Бұған зерттеу жүргізген ғалым «әйелдің ағзасына еркектің хромосомалық «таңбасынан» толық тазару үшін 4 ай уақыт өтуі керек» деген қорытындыға келген.
Бастапқы кезде эмбриолог зерттеу жұмыстарын АҚШ-тың мұсылман және мұсылман емес аудандарында жүргізеді. Ақырында, Гиллхам мұсылман емес әйелдердің бойынан бір уақытта бірнеше еркектің хромосомаларын анықтаған.
Бұдан соң, өз жұбайына тәжірибе өткізіп, оның ағзасынан әр түрлі еркектің 3 түрлі хромосомалық таңбасының бар екенін білген. Үш баласының біреуіне ғана биологиялық әке екеніне көзі жетеді.
Осы оқиғадан кейін «Мұсылман әйел – жер бетіндегі ең таза әйел» деген қорытынды шығарған.