«Порно әртістерді шығара ма?». Танымал заңгер телеарналардың былығын жайып салды

3
376

Қайда барсаң, жынойнақ. Арзан әзіл, түсініксіз ток-шоу. Мақсатсыз бағдарламалардан көз тұнады. Өз көрерменімізді өзіміз зомбиге айналдырып жатқан жоқпыз ба? Заңгер Айгүл Орынбек көзі қарақты жұрттың көкейінде жүрген мәселені қозғаған екен. 

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазыпты.

«Телеарна бүкіл бір ұлттың қалыптасуына әсер етеді. Ал біздің телерналар өңкей əнші биші, порно əртістер мен алаяқтарды шығаруға үйреніп алған» дейді заңгер.

Айтуынша, телеарналар рейтинг үшін ештеңеден тайынбайтын болған.

«Ақпарат министрлігі құрылғанда қатты қуанып едім, ал күні кеше түнде телевизорды қосқанда қуанышым бірден басылды. «Қалаулым «- деген бағдарламаны көріп отырып жастарды аядым.

Біздің кезімізде 90 жылдары кәсіби журналистер тек өздерінің киімін ғана емес, келген қонақтың киімін жүріс тұрысын өз өзін ұстау мəнерін бақылап тексеріп алатын еді. Кешкі жаңалықтардың өзін көруге асығатынбыз.
Лəззат Танысбай, Айгүл Мүкей, Зейін Әліпбек сияқты кәсіби журналистер бүкіл бір ұлттың айнасы еді ғой шіркін.
Серік Абас-шах ағамның «ұят болмасын» бағдарламасын көру үшін демалыс күні ерте тұрып, үй жинап экран бетіне қарап тағаттана күтетін кездер ай десеңші.

Қазақтың салт дəстүрін жаңғыртып түсірілген «Жар-жар» бағдарламасы қандай күшті еді. Ол кезде талғам мықты еді, өйткені мəдениет министрлігінде ұлттың идеологиясын ойлайтын азаматтар отырған. Ал қəзір қалай?

Қызын тырдай жалаңаш шешіндіруден ұялмайтын əкенің қызы ел алдында үлгі болып бағдарлама жүргізіп отыр. Əпкесі Баян күйеуінің көзіне томар салғаны аздай, оны бүкіл бағдарламада айтып мақтанды. Қызым қытайға тигеніне қарсы емес екенін, темекі шегетінін бүкіл ұлтқа паш еткен Баян кімге үлгі?
Бұл бүкіл бір ұлтқа төніп тұрған қауіп жəне үлкен сын! Журналистикадан дым хабары жоқ əнші сымақ əртістер экран бетін жын ойнақпен ластайды осылай!

Құрметті Абаев Дəурен мырза!

Елдің болашағын ойласаңыз экран бетін тазалауды сұраймын. Кәсіби мықты журналистер мен қазақи бағдарламаларды көргім келеді.

Бұл жалғыз менің арманым емес бүкіл халықтың арманы деп ойлаймын! Солай ма халқым?

Біздің төлеп жатқан салығымыз далаға ұшпасын. Қай телеарнаға қанша қаражат бөлініп жатыр сол жайлы ақ ақпаратты халық алдына шығаруыңызды сұраймын», – деп жазыпты Айгүл Орынбек.

Дереккөз: kaz.365info.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. Порно əртістерді шығарғанша адамның ішкі дүниесіне үңілетін, депрессиядан сақтайтын бағдарламаларды шығармай ма экранға.Ұлттық мəдениетті жаңғыртып.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз