Тұрсынбек Қабатов өзінің әзілкеш досына құны үш бөлмелі пәтерге тең сағат сыйлады (фото)

0
141

Еліміздегі ең қымбат асаба саналатын Тұрсынбек Қабатов өзінің өнердегі інісі әрі әріптесі Арман Жанәлиевке құны үш бөлмелі пәтерге тең сағат сыйлады. Бұл туралы Арманның өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Тұрсынбек Қабатов өзінің әзілкеш досына құны үш бөлмелі пәтерге тең сағат сыйлады (фото)

«Құттықтап қойсаңыздар болады, бастық өзінің қол сағатын сыйға тартты. Тәке раxмет. Сіздің жолыңызды берсін!!! Сағаттың бағасын айтпай-ақ қояйын, бәрібір сенбейсіздер! Таразда 3 бөлмелі үйдің ақшасы», – деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары болса, оның мұндай бағалы сыйлық алуымен құттықтап, түрлі пікірлерін жаудырды.

«Мен Таразда пәтер жалдап тұрамын. Маған көмек қолын созыңызшы», «Таразда үш бөлмелі пәтер 14 млн шамасында тұрады», «Енді маған сыйлай салыңыз», – деп жазды олар.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз