Павлодарда полицейлер мен тұрғындардың төбелесі камераға түсіп қалды (видео)

0
179

Павлодарда полицейлер өздеріне қарсылық көрсеткен төрт адаммен төбелесті. Оқиға дүкендердің біріне орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.

Павлодарда полицейлер мен клиенттердің төбелесі камераға түсіп қалды (видео)

Желіде тарап кеткен кадрда полицейлер ер адамдарды қызметтік көлікке отырғызбақ болғаны, бірақ олардың қарсылық көрсеткені байқалады.

Павлодар ІІД төбелес туралы ақпаратты растады.

«3 тамыз күні сағат 05.12-де 102 нөміріне Есенәлиев, 58 ауданында ер адамдардың төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына батальон жетті. Ер адамдарды көлікке отырғызбақ болған, бірақ олар қарсылық көрсетті, содан кейін полицейлер күш қолданды», – деп хабарлады полициядағылар.

Видеоны ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы зерттей келе, полицейлер өкілеттігін асыра қолданған деген қорытындыға келген. Полицейлердің бірі қазір уақытша ұстау абақтысында. Зардап шегушілерден сотқа дейінгі шағым түспегені белгілі болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз