Абай Бегей Тамара Асарды қарата алмай жүргенін мойындады (фото, видео)

0
207

Жұрт Абай Бегей мен Тамара Асарды баяғы-ақ жұптастырып қойған. Оған себеп қос әншінің той-томалақтардан жиі бірге көруі.

20759034_109680039714850_2221291763333595136_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әрі қос өнер иесінің жалғыз жүргенін білетін жұрт олардың бақытты болуын қалайды.

Күні кеше Абай Бегей мен Тамара Асар бір тойда ән салды, дуэт шырқады. Әріптесімен бірге түскен суретін жүктеген Тамара Асар: “Әзіл-қалжыңы жарасқан досым, кейде екеуміз жаман “серьезный” әңгімелер айтамыз”, – деп жазды.

Мұны көрген желі оқырмандары екеуінен әдемі жұп шығатынын айтып жатты.

“Жақсы жұп болар едіңіз. Ренжімеңіз, жақсы ниетпен айтып отырмын”, – деп пікір білдірді Нұрия Сәндібаева есімді оқырман.

Screenshot_14

“Шынымен жарасыздар, қайда жүрсеңіздер де аман болыңыздар”, – деп қоштады Айымгүл есімді желі қолданушысы.

Screenshot_13

Өз кезегінде Абай Бегей расында да Тамара Асарда көңілі бар екенін білдіріп қалды.

Screenshot_11

“Сол ғой, қарамай жүр ғой”, – деп жауап берді ол өзіне тілекші болғандарға.

Алайда әнші мұны қалжың ретінде жазған болуы да мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз