САТЫЛҒАН АРСЫЗ ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ МЕН САТЫП АЛҒАН ҚЫЗДАРЫ

0
738


Суреттің мәтінге қатысы жоқ

Сын түзелсе де мін түзелмейтін уақыт болды. Жоқ, заманды сөгуден аулақпын, сол сынға пысқырмайтын ақылсыз адамдардың көптігінен басқа тараптан кінә іздеп тұрамыз. Айтылған аталы сөзге тоқтайтын естілер болады. Сосын тоқтамайтын ешкіден де қадірсіз болады. Оның үстіне теледидардағы бағдарламаларға көрермендер өз пікірін білдіріп отырса ол ешқандай қылмысқа жатпайды. Жақында «Жетінші арнадағы» сатылған қазақ жігіттерін көріп бетімді бастым. Өздерінің саудаланып жатқанына қарамай «серіміз» деп қояды. Осы масқараны жаңалық түрінде беріп отырған бұл арнаның жауаптылары қайда? Басқа да айтатын хабар таусылып қалғаны ма? Әй, сол өзімізде де ес жоқ. Қазақ жігіті сатылып жатқанда көшедегі қарындастарға қандай кінә тағарсыз…

Қазақстанның басқа өңірлерін қоя беріңіздер, біздер «ақырзаман» деп шулап жүргенде Астананың ең қымбат жігіті 30 000 теңгеге сатылып кетті. «Твори Добро» қайырымдылық қоры (толып жатқан жұмысы шала қорлардың біреуі болар) ұйымдастырған аукционда ең таңдаулы жігітпен 1 сағаттық кездесу өткізу үшін ессіз ғашық болған арулар аянып қалмады. Жеңіске жеткен «аққулар» бірге серуендеп, кофе ішу құқығына ие болды… Жердің астынан жеті қоян тапқандай «Жетінші арнаның» бұл жиіркенішті дүниені жаңалықтардан бергенінде отбасымның алдында әбден ұятқа қалдым. Өйтпегенде? Жігіттеріміз ақшаға сатылып жатыр намыстан безіп. Ау, ар-ождан деген қайда? Қаңғыған бір қайырымдылық қоры өл десе өлесіңдер ме? Жалаңаштаныңдар десе жынды боласыңдар ма? Әлде 30 000 теңгеге күндерің қарап қалды ма? Біздің қыздарда да қыз қылығы қалмаған ба! «Заманға сай өмір сүреміз» деп жүрген жастар осылар ма?

Сері жігіттердің (кім біліпті қандай жігіттер екенін) саудаға түсетінін ести сала қыз атаулы «менікі де менікіге» салып жиналған екен. Сіз айтыңызшы, намыстан жанып тұрған адам болса саудаға түсер ме. Не деген қараңғылық бұл? Ең үлкен сұранысқа «Жетінші арнаның» талантты журналисті Жасын Қанбаев деген бала ие болды. Жасынды «сындырып» алған Анар Әлібаева есімді қыз. Солай, ендеше Жасынның құны бар болғаны 30 000 мың теңге болғаны да.

Осындай ақша әкелетін шоулардан кейін «Твори Добро» дегеніңіз «қазақ қыздарын аукционға қоямыз ба» деп ойланып қапты. Көрдіңіз бе, осындай сайыстарды ұйымдастыратын қорлар нағыз елді арандатушылар! Менің ойымша, «Жетінші арна» қазақ қыздарының ғана емес, тұтас Алаш елінің дәрежесін былғады бұл жаңалығымен. Анау «Экспресс К» секілді басылымдардың сойылын соғып отыр. Не деген көрерменін сыйламайтын, ұлтты басынған арна! Бұндай сорақылықтарға тосқауыл болатын қайсың бар?

dala.tv

www.qazaquni.kz

*Тақырып өзгертілді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз