Алматы тұрғыны ҚазҰУ-ді грантқа жалған құжат әзірледі деп айыптады (фото)

0
474

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлекке жалған құжат әзірлегенін хабарлап, фотоларды жолдады.

Алматы тұрғыны ҚазҰУ-ді грантқа жалған құжат әзірледі деп айыптады (фото)

«Алматыдағы ҚазҰУ-дың қабылдау бөлімінде былық болып жатқанын жұртқа жария етулеріңізді сұраймын. Менің кіші қарындасым Алтынай Өмірбек ҰБТ-да 102 балл жинады. 27 шілде күні ол құжаттарын ҚазҰУ-дың қабылдау бөліміне өткізді. Белгісіз біреу ТЖК-дағы 3 санын 8-ге қасақана ауыстырып жіберген. 

Салдарынан ол базада болмай қалып, грант байқауына қатыса алмады. Біз – көпбалалы отбасымыз. Анамыз бізді жалғыз өзі өсіріп келеді. Қарындасым мектепті қызылға бітіріп, ҰБТ-ға жылдар бойы дайындалды. Жоғары білім алғысы келді. Ал енді ол тіпті грантқа үміткерлер тізімінде жоқ. Құжаттың түпнұсқасы мен қабылдау бөлімі қызметкерлері өзгерткеннен кейінгі құжаттың фотосын қоса жіберіп отырмын«, – дейді қыздың ағасы.

Алматы тұрғыны ҚазҰУ-ді грантқа жалған құжат әзірледі деп айыптады (фото)

Алматы тұрғыны ҚазҰУ-ді грантқа жалған құжат әзірледі деп айыптады (фото)

Алматы тұрғыны ҚазҰУ-ді грантқа жалған құжат әзірледі деп айыптады (фото)

ҚазҰУ-дың баспасөз хатшысы еңбек демалысында болғандықтан, бұл жайтқа қатысты түсініктеме бере алмады.

Алматы тұрғыны ҚазҰУ-ді грантқа жалған құжат әзірледі деп айыптады (фото)

Алматы прокуратурасы құжатқа қатысты шағым келіп түскенін растап отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз