«Мысық құсап жабысып отыратын». Бақытбек Есентаевтың қарындасы Баянның масқарасын шығарды (фото)

0
658

Жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева әлеуметтік желіде тағы да ағынан жарылыпты. Бұл жолы желідегі жұртпен пікірлескен екен, – деп хабарлайды 365info.kz.

Баханың қазіргі жағдайы, көңіл-күйі, бұрынғы әйелі, қыздары туралы айтыпты.

«Нағима ханым, амансыз ба! Ағаңыздың қалі қалай? Амнистияға ілінбеді ме?» деген оқырманның сауалына Нағима Есентаева: «Жоқ, ешқандай жеңілдікке ілінбейді. Сондай статья қойдырып тастаған. 9 жыл жазасын түгел өтейді» деп жауап беріпті.

«Нағима, сіз көңілімді су сепкендей басып тастадыңыз! Сонда мен осылай болғанын қаламадым деген сөздерінінің бәрі өтірік екен ғой. Қалай халықты алдайды осындай алдамшы әрекеттерімен. Мен сіздің ағаңыз бір екі жылда шығады деп үміттеніп жүргем. Лайым заң тағы өзгеріп тезірек орталарыңызға оралсын! Үмітіңізді үзбеңіз, тек жақсы ойда Алладан жәрдем сұраңыз» депті тағы бір оқырмандар.

Енді біреулер Баянның бұдан бұрынғы сұхбатында Бақытбек туралы айтқан тұстарын мысалға келтіріпті (төменде суретте).

«Баян бұрыннан интервью бергенде «күйеуім әдемі емес, мамам айтқасын шықтым деген сөздерді көп айтып жүрді ғой, күйеуім жетім, ешкімі жоқ» деп. Сонда сезген жоқсыз ба, түбі осылай істеп кетеріне?» деген оқырманның сауалына Нағима Есентаева:

«Қайдан білейік, «сенен басқа ешкімді сүйіп көргем жоқ» деп, мысық құсап жабысып отыратын. Қайдан білейік, ішіндегі арамдығын»

деп жауап қатыпты.

Сонымен қатар ол Бақытбектің қыздары туралы ойын айтыпты. Нағима Есентаеваның айтуынша, Бақытбек қыздарымен сөйлесіп тұрады.

«Қандай жағдай болса да, қыздарынан теріс айналмайды ағам. Өйткені ол өте-өте балажан» деген екен Нағима Есентаева.

Құдай біледі, мұны Баян жауапсыз қалдырмасы анық. Атышулы продюсер бұрынғы байының қарындасына не дер екен? Қалай ақталар екен? Кімді кінәлар екен? Біз білсек, Баян өзіне шаң жуытпайтындардың қатарынан…

Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқылануда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз