Көкшетауда педофил 12 жасар қызды қала шетіндегі молада зорлаған

0
140

Көкшетауда 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен соқталдай жігіт өзінің азғындық ойын қала шетіндегі молада жүзеге асырғанын айтып, кінәсін бірден мойындаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Көкшетауда педофил 12 жасар қызды қала шетіндегі молада зорлаған

Екі апта бойы аяғынан тік тұрып іздеген полиция 24 жастағы күдіктіні теміржол вокзалында қолға түсірді.

Сұмдық оқиға екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан белгісіз жауынгерлер зиратында болған. Күдікті сол маңда тұратын кішкентай қызды мола жаққа алдап апарыпты. Жеткіншектен жоғалтып алған әмиянын іздеуге көмектесуін сұраған.

Сөйтіп, азғындық әрекетін ол бейіттің жанында істеген. Ұсталған жігіт Көкшетауға Бурабай ауданынан жұмыс іздеп келген екен.

Ұялы телефонын тексергенде де іші тұнып тұрған порнографиялық бейнефильмдер екені анықталған. Енді азғын кемі 15 жылын абақтыда өткізуі мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз