Қазақ зиялысы Тұрар Рысқұловтың портретін қоқыс таситын арбаға тағып алған аула сыпырушы желі қолданушыларының ашуын келтірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Facebook әлеуметтік желісінде таралған видео базар ауласында түсірілген. Ондағы көліктердің мемлекеттік нөмірінен бұл жайттың Павлодар облысында орын алғанын болжауға болады.
Видеоны желіге жүктеген автор аула сыпырушының әрекетін сынап тастады.
«Бұл енді ұят қой. Асылдардың суретін қоқыс таситын арбаға тағып жүретін болған ба?», – деп жазады Өнербек Қабатай есімді қолданушы.